Референдумға арналған ресми ақпарат алаңы іске қосылды

Референдумға арналған ресми ақпарат алаңы іске қосылды. referendum2026.kz деп аталатын платформа Жаңа Конституция жобасы бойынша қазақстандықтарға түсінікті әрі қолжетімді ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген. Сайтта Негізгі заң жобасының толық мәтіні, сарапшылар пікірі, өңірлік жаңалықтар жарияланған. Бұдан бөлек, Конституцияның қоғамдағы рөліне тереңірек бойлауға мүмкіндік беретін тақырыптық мақалалар, видеоконтент пен интерактивті материалдар да бар. Сайтта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арнайы бейімделген нұсқа да жасалған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал