Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейтеді

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейтеді. Құжатта бірлік, ынтымақ, этносаралық және ұлтаралық келісім құндылықтары елдің тұрақты дамуының негізі ретінде айқындалған. Сондай-ақ еңбек ету құқығы мемлекеттік саясаттың басымдығы ретінде бекітілді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, еңбеккерлердің мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді.
МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Бұған дейін қолданыстағы нормада еңбек ету еркіндігі қарастырылған болатын. Яғниадам жұмыс істей ме, жоқ па өзі шешетін, жұмысты өзі іздейтін. Ал еңбек ету құқығы – мазмұны мүлде бөлек ұғым. Бұл жағдайда мемлекет азаматтың еңбек етуіне жағдай жасауға және оның әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға міндетті. Сондай-ақ Конституцияда орта білімнің тегін екені, медициналық көмектің және кепілдендірілген заң көмегінің қолжетімділігі сақталған. Мемлекет өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал