Суық палата, көгерген қабырға: Теміртаудағы балалар ауруханасына қатысты шағым көбейді | 16.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МҮРДЕМЕН БІРГЕ
Павлодар облысының Майқайың кентінде жәрдемақы үшін жақындарын жерлемеген әйел адам қамауға алынды. Ол екі жыл бойы қайтыс болған қызы мен күйеуінің денесін үйде ұстаған. Ал дәл сол бөлмеде бес жасар немересі де ойнап жүрген. Оны әжесі балабақшаға жібермеген, далаға да шығарман.

БӨГЕТ БҮЛІНДІ
Шымкент қаласында Бадам өзеніндегі бетон бөгет зақымдалды. Бұл жағдай белгісіз адамдардың заңсыз қиыршық тас өндіруі салдарынан болған. Енді тұрғындар өзен арнасынан асып, тасуы мүмкін деп алаңдап отыр. Себебі бірнеше күннен бері қалада толассыз жаңбыр жауып жатыр.

БІР АЙДА 116 ӨРТ
Шығыс Қазақстан облысында бір айда 116 өрт болды. Бұл дабыл қағатын жағдай. Құтқарушылар оқыс оқиғадан 10 адамның көз жұмғанын хабарлады. «Қайғылы жағдайға көбіне пештегі ақау мен мұржаның бітеліп қалуы себеп» — дейді мамандар.

АУРУХАНАДАҒЫ АХУАЛ
Теміртау қаласындағы №3 балалар ауруханасында жағдай күрделі. Төбеден су сорғалайды, қабырғалары көгеріп кеткен. Әлеуметтік желіде осындай бейнежазба тарады. Бұған аурухана басшылығы не дейді? Анықтаймыз.

ЖАҢА БОСАНҒАН АНА
Қазақстан әйелдері бірікті. Енді ешкімі жоқ аналарға босанғаннан кейін көмектесетін топ жұмыс істейді. Олар перзентханадан шығарып алу, баланы күтіп-ұстауға қажет жабдықтарды жеткізуге қол ұшын созады. Сәтбаевта құрылған алғашқы топтың жұмысы жайлы тілшіміз тарқатады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал