АҚШ-та хоккей матчы кезінде атыс болды

АҚШ-тың Потакет қаласында хоккей матчы кезінде атыс болды. Жоғары сыныптар арасында ойын өтіп жатқан. Екі ересек адам оққа ұшты. Тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Осыдан кейін 57 жастағы күдікті өзін атып тастаған көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, ер адам отбасы мүшелеріне қару кезенген. Полиция дерегінше, қайғылы жағдайға отбасылық кикілжің себеп болуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал