Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, жарылып кетті

Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, жарылып кетті.
Оқиға Еңбекші ауданына қарасты Базарқақпа тұрғын алабында болған. Жеңіл көлік газ құбырының тарату қорабына соғылып қалған. Салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, арты өртке ұласты. Жалын тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші өрт күшейгенге дейін қашып үлгерген. Жарылыстан жақын маңдағы жер үйлердің терезелері шытынаған көрінеді. Қазір зақым келген құбыр қалпына келтіріліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал