Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүргендердің қарызы 3 млрд теңгеге жеткен. Былтыр 833 млн теңге берешек өтелген. Қасақана алимент төлемеген 21 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Дегенмен өңірде сот актілерін орындамау фактісі азаймай тұр. Айталық, 256 әке әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 105-і қамауға алынған. Азаматтар көбіне алимент төлемеудің түрлі жолын іздейтін көрінеді.
АСЫЛЖАН БАТЫРХАНҚЫЗЫ, БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:
— Мысалы, белгілі бір борышкердің электрондық картасында 2024-2025 жылдар аралығында 1,5 миллион теңге көлемінде қаражат айналымы болған. Бұл борышкердің ақша операцияларын жасырын жүзеге асырғанын дәлелдеп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.