ШҚО мамандары тұрғындарға картопты тікелей қоймадан сатып алуға кеңес берді

Шығыс Қазақстан облысының мамандары өңір тұрғындарына картопты тікелей қоймадан сатып алуға кеңес берді. Осылайша, жергілікті билік көктемде аспандап кететін көкөніс бағасын ұстап қалмақ. Оның үстіне, аймақта картоп аз. Мәселен, былтыр жергргілікті диқандар небәрі 9 мың тонна өнім жинаған. Ал жылдық қажеттілік – 70 мың тонна. Сондықтан қалаға картоп Павлодардан жеткізіледі. Дүкенде оның келісі 177-230 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал Өскеменнің көтерме-тарату орталығында картоп 15 пайызға арзан ұсынылады.
АЖАР ҚАЖЫБЕКОВА, ШҚО АШБ БАСШЫСЫ:
— Өңірде көкөніс өсірілгенімен, оның көлемі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан, ең алдымен, картопты қоса алғанда, егіс алқаптарын ұлғайту қажет. Бұл үшін тиісті қаржыландыру керек. Көктемгі егіс жұмыстарына несиені Аграрлық несие корпорациясы береді. Сонымен қатар, сақтау қоймаларының қуаттылығын толық жүктеу үшін көтерме-тарату орталығы да шаруаларға қарыз қаражатын ұсына алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал