Қостанайда орналасқан қар полигоны жергілікті кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудырды

Қостанайда орналасқан қар полигоны жергілікті кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудырды. Кәсіпкерлердің айтуынша, нысан кәсіпорынға тым жақын орналасқан. Бұл аумақты көктем сайын жиі су басады. Полигонның жалпы аумағы – 16 гектар, қала ішінде теміржол тармағы мен жоғары кернеулі электр желісі өтетін жерде орналасқан. Кәсіпкерлер ұжымдық хат жолдап, мәселені өңірлік салалық кеңесте қарауды ұсынды. Қала әкімдігі қардың қауіпсіз шығарылуы мен су ағызу жүйесі жіті бақылауда екенін мәлімдеді.
ГҮЛЖАН АСЫЛБЕКОВА, КӘСІПКЕР:
— Бұл жерге полигон орналастыру – үлкен қателік. Аумақ онсыз да еріген қар суынан жиі зардап шегеді. Ал мұнда қарды үйіп төгу – су көлемін бірнеше есе арттыру деген сөз. Көктемде жағдай ушығып кетуі мүмкін. Бізге тіпті: «Күзге дейін кеппейді», — деп те айтып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал