Петропавлда НЗМ оқушысы жатақхананың 3-қабатынан құлап, аман қалды

Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы жатақхананың үшінші қабатынан құлап, аман қалды. Оқыс оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 18 жастағы ұл бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Әзірге бұл оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Мектеп басшылығы тексеріс басталғанын хабарлады. Полиция сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
ВИКТОР СОСИН, НЗМ ДИРЕКТОРЫ:
— Баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынастамыз. Барынша жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Бұл жағдайдың неден туындағаны алдағы уақытта белгілі болады.

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Оның бел омыртқасы сынған. Екі аяғының өкшесі сынған, политравма алған. Жан-жақты жарақат алған соң, оны бірден жасақтау бөліміне жатқызу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты деп есептелінеді. Жарақаттану бөліміне ауыстырылды. Әрі қарай ем қабылдайды. Қандай да бір нақты болжам айтуға әлі ерте.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал