Таразда 13 жастағы қызды ұрлауға ұмтылғандар ұсталды

Тараз қаласында 13 жастағы қыз баланы ұрлауға ұмтылғандар ұсталды. Екі ер адам аялдамада тұрған жасөспірімді күштеп, көлікке отырғызуға оқталады. Оны байқап қалған кездейсоқ тұрғын араша түседі. Осыдан кейін ойлары жүзеге аспаған күдіктілер ізін суытады. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көп ұзамай екі күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілердің туған бауырлар екені анықталды: бірі – 42, екіншісі 38 жаста. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ҚҰНДЫЗ БҮГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Оқиға орынына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Балалардың қауіпсіздігіне кез келген қолсұғушылық ерекше бақылауда. Қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жолы кесіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал