Бестеректегі жол апаты: жәбірленушілер әділдік талап етеді

Бестеректегі төрт баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты дау әлі басылар емес. Аулада ойнап жүрген алты баланы көлікпен қағып кеткен жүргізушіге сот 9 жыл жаза кескені белгілі. Алайда қара жамылған екі отбасы әлі күнге дейін әділдікке қол жеткізе алмай жүргендерін айтады. Алты ай бойы ауыл мен облыс ортасы арасында құзырлы органдардың табалдырығын тоздырғанымен, нақты әрі тұщымды жауап алмаған. Жәбірленушілер денсаулығында кінәраты бар адамға жүргізуші куәлігін берген медицина және аудандық ішкі істер бөлімі мамандарын жауапқа тартуды сұрайды. Оның сыртында істі дер кезінде жөнді қарамаған Үржар аудандық сотының әрекетіне құқықтық баға берілуі тиіс деп есептейді.
ЕРНАР БҰЛАНБАЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Бізді ҰҚК шақырғанда: «Ешқандай қатаң жаза қолданылмайды», — деді. «Тиісті орган қызметкерлері салғырттық танытқан. Сонымен қатар өз басқармалары бойынша олар ескерту және сөгіс алды. Осымен тергеу бітті», — деді. Жай ғана қоя салатын нәрсе емес қой, алты баланы қағып, таптап өлтірді. Оның ішінде төртеуі қаза болды, екеуі ауыр жарақат алды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал