Елордада жаңа Конституция жобасы талқыланды. Шараны Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе ұйымдастырды. Жиынға Мәжіліс депутаттары мен агенттік басшылығы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Академия қызметкерлері, білім алушылары қатысты. Жиналған жұрт алдағы референдум мен жаңа Конституция жобасы жайлы пікір алмасты.
СЕРІК АҚЫЛБАЙ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ, «ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:
— Жаңа Конституцияның жобасы толығымен дерлік адамның құқығына бағытталған. Оны айту себебім, қазіргі Конституциямыз да, одан бұрынғылар да негізі мемлекеттің мүддесін көбірек қорғайтын. Бұрынғы Кеңестік үкіметтен қалған, кезіндегі партияның халыққа деген көзқарасына ұқсастау болды. Енді қазіргі уақытта етек-жеңімізді жинап, жан-жаққа қарап, заң оқи бастадық. Құқықтық сауаттылық арта бастады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.