Қ. Тоқаев Д. Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады

Мемлекет басшысы 18-19 ақпан күндері жұмыс сапарымен АҚШ-қа барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесі қаралмақ. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесулер өткізеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал