Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОҚУШЫ АМАН
Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап, аман қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Оқиға сабақтан тыс кезде болған. Мәселенің мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр.
ҚЫЗ ҰРЛАУҒА ҰМТЫЛҒАН
Таразда қыз ұрлау операциясы сәтсіз аяқталды. Аялдамада тұрған жасөспірімді көлікке күштеп отырғызуға тырысқан екі еркекке кездейсоқ тұрғын кедергі келтірді. Күдіктілерді полиция бейнебақылау камерасы арқылы тауып, қамауға алды.
ЖАРЫМЕС ӘЙЕЛ
Жаркентте баласын батареяға байлап қойып сабаған әйел жарымес болып шықты. Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жындыханада мәжбүрлі түрде емдеу туралы үкім шығарды. Артында қалған кішкентайлары балалар үйіне жіберілді.
КЕШ ҮЙЛЕНУ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫ
Елде үйленуге асықпайтын қыз бен жігіт көбейді. Мұны көбі тұрмыс тауқыметімен байланыстырады. Жастар әуелі баспана мен көлікті болып, жағдайын жақсартып алуды көздейді. «Бас екеу болмай, мал төртау болмайды» деген тәмсілді қазіргі буын неге қаперге алмайды? Тілші зерттеуі.
АҚЫЛДЫ ИТ
Ақтөбенің кинология қызметі «Баронмен» мақтанады. Ақылды овчарка есірткі табуда алдына жан салмайды. Өңірдің чемпионы атанған қарғы баулы иесі күшік асырап, ит етудің құпиясымен бөлісті.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.