Алматы облысында 52 жастағы әйелді қабаған иттер талап тастады

Алматы облысында сұмдық жағдай. 52 жастағы әйелді қабаған иттер талап тастады. Жантүршігерлік оқиға Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Зардап шегуші ауыр жарақат алып, оған шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары иттің иесін анықтады. Ол үй ауласында 30-дан астам қабаған ит ұстаған.
ЕРНАР САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеру жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында иттердің иесі – 60 жастағы күдікті анықталды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал