Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Осы сәтті көлікте кетіп бара жатқан жолаушы түсіріп алған. Әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Жалпы, бұл үйдің бесінші подъезі бір жыл бұрын апатты деп танылып, тұрғындар басқа жаққа көшірілген. Су, жылу және электр жүйелерінен ажыратылған. Үйдің апатты бөлігі қоршалған. Енді осы опырылған бөлігі сүріледі. Ал қалған төрт подъезіне мамандар сараптама жүргізеді. Онда 105 адам тұрып келген. Қазір олардың барлығы пәтерлерін уақытша босатпақ. Егер жүргізілетін зерттеулер үйде тұруға болады деп көрсетсе, тұрғындар қайта оралады.
РУСЛАН СЫЗДЫҚОВ, БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгінгі таңда осы подъездің барлық тұрғылықты тұрғынына жаңа пәтерлер табыстылып, тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда орын алған мәселе бойынша 3 арнайы техника және 30 адам жұмылдырылып демонтаж басталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.