Түркістан облысында 2 мың гектар жер заңсыз рәсімделген

Түркістан облысында 2 мың гектар жер заңсыз рәсімделген. Салдарынан мемлекетке 314 млн теңге залал келді. Облыстық прокуратура осылай мәлімдеді. Былтыр жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен заңсыз шығару деректері анықталған. Заң бұзғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде, жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал