ШҚО-дағы Самар ауданында су құбыры жобасы 7 жылдан бері аяқталмаған

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы су құбырын жаңғырту жұмыстары 7 жылдан бері жалғасып жатыр. Жобаға қазынадан 2 млрд-тан астам теңге жұмсалған. Алайда жұмыс әлі аяқталар емес. Ауылдықтар кестемен берілетін тіршілік нәрін күтуге мәжбүр. Осыдан 70 жыл бұрын іске қосылған қазіргі қолданыстағы желі бұл жүктемеге шыдас бермей тұр. Жаңа құбыр тарту жұмыстарын екі компания жүзеге асырып жатыр. Тұрғындар жергілікті әкімдіктен жобаны жеделдетіп іске қосуды сұрайды.
НАДЕЖДА МЕЛЬНИКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
— Жұмыстан кешкісін 6-да келеміз. Су сағат 11-ге дейін ғана беріледі, түнде тоқтайды. Соның кесірінен сулар қатып қалып жатыр. Бірнеше үйдің желілері істен шықты. Кір жуайық десек те суға жарымай отырмыз.

СЕРІК ЖЕҢІСОВ, САМАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Бізде осы жылы шешімін табуға тиісті маңызды мәселе бар. Ол – екі жобаны бір-біріне қосу. Жазда бұл жұмысты толық аяқтап, Самар ауылын жаңа су желісіне қосамыз деп ойлаймын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал