Алматыда «Көк Төбе» телемұнарасы ғимаратында республикалық референдумға дейінгі күннің кері санағы іске қосылды. Таймер нақты уақыт режимінде дауыс беруге қанша күн қалғанын көрсетіп тұрады. Кешкі уақытта мұнара мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер және референдум өтетін күн — 15 наурыз датасымен тақырыптық жарықтандыру арқылы безендірілді. Инсталляцияны шаhар тұрғындары мен қонақтары жоғары бағалап, оны алдағы дауыс беру күнін еске салатын ерекше көрініс ретінде атап өтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.