Қ. Тоқаев АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді. Сапар аясында президент Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын, оларға сенетінін жеткізді.
ТАЛҒАТ АҚАЖАНОВ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:
— Президентпен сөйлескен кезде ғылыми тағылымдаманың қандай жағдайда өтіп жатқаны, қандай жақсы жақтары, қандай мүмкіндіктері бар екенін айтты. Біз бұл Қазақстанда жасалып жатқан реформалардың жемісі деп санаймыз. Өте жылы сезімде болдық. Президентіміздің жылулығы, елдің жылулығы білініп тұрды. Елде жүргендей әсерде болдық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал