Америкалық The National Interest журналында Қ. Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

Америкалық The National Interest журналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді. Ол «Қазақстан – Батыс пен Шығыс арасындағы көпір» деп аталады. Саяси журналда мемлекет басшысы АҚШ президентінің бастамасымен және Біріккен Ұлттар ұйымының толық қолдауымен құрылған Бейбітшілік кеңесі алға жасалған маңызды қадам атап өтеді.
Президенттің пікірінше, Ақ үй ескірген саяси тұжырымдарды қайталаудың орнына, орнықты экономикалық даму арқылы бейбітшілік орнатуға негізделген нақты әрі тікелей құрылымды ұсынды. Бұл – жай ғана пікір алмасуға арналған форум емес, нақты нәтижені көздейтін практикалық бастама. Әсіресе ол Газа мен Таяу Шығыстағы жағдайды жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы Қазақстанның тұрақтылықты басты орынға қоятын, халықаралық міндеттемелерді құрметтейтін және нақты нәтижелерге қол жеткізетін сенімді әріптес болуға бейіл екенін жеткізді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал