Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ИТ ТАЛАДЫ
Алматы облысында сұмдық жағдай. 52 жастағы әйелді ит талап тастады. Оқиға Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болды. Ауласында 30-дан астам қабаған ит ұстаған адам күдікті ретінде анықталды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.
ІНДЕТ ТАРАДЫ
Атырау облысында ірі қара арасында ауру тарап, 5 ауылдық округте карантин жарияланды. Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр. 4 мыңға тарта сиыр инфекциялық ринотрахеит вирусын жұқтырған.
АЛТЫНДЫ БӘСКЕ ТІККЕН
Павлодарда зергерлік бұйым сататын дүкенде жұмыс істейтін әйел 7 жылға сотталды. Ол бір келі 700 грамм алтын әшекейді ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны бәске тіккен. Құмар ойын ойнаған. Жалпы шығын көлемі – 164 млн теңге.
КӨКТӨБЕГЕ ТАЙМЕР ҚОЙЫЛДЫ
Алматыдағы Көктөбе телемұнарасына таймер қойылды. Онда референдум өтетін күнге дейінгі кері есеп іске қосылған. Енді саяси науқан уақытын күні-түні қарауға болады.
МҮСІНШІНІҢ ТАРИХЫ
Өскемендік шебер ағаштан тарихи тұлғалардың мүсінін жасайды. Юрий Костанянц әсіресе батырлардың бейнесін сомдауға әуес. Осылайша мүсінші қазақ хандығының тарихын тұтас бір топтама ретінде қайта тірілтті.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.