Қостанайда бүгін екі адамды өлтіру ісі бойынша сот процесі аяқталды. Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылының тұрғыны былтыр әйелі мен 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Қылмысқа отбасындағы келіспеушілік және ер адамның қызғанышы себеп болған. Ерлі-зайыпты ажырасуға дайындалған. Сот барысында айыпталушы кісі өлтіруді алдын ала жоспарлағанын теріске шығарды. Дегенмен тергеу кезінде күдіктінің кінәсі дәлелденді. Отбасында екі бала болған, олардың үлкен қызы тірі қалды, өйткені оқиға кезінде үйде болмаған.
ЖАННАР ТІЛЕУБАЕВА, СУДЬЯ:
— Сот Нечаев Максим Семеновичті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1,14-тармақтары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 46-бабына сәйкес, Нечаевқа тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.