Түркістан облысында 583 млн теңге жымқырған білім бөлімінің 14 қызметкері сотталды

583 млн теңге жымқырған 14 қызметкер сотталды. Түркістан облысында сот Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты лауазым иелеріне үкім кесті. 18 адамнан тұратын топ – басшылар, есепшілер мен экономистер бірнеше жыл бойы 49 мектептің қаражатын жымқырып келген. Олар іс жүзінде жалақы есептеп, төлемдерді негізсіз көбейтіп отырған. Жалақыға арналған өтінімдерді қолдан асыра көрсету арқылы бюджет қаржысын жымқырған. Есепшілер электронды жүйеге жалған мәлімет енгізіп келген. Ал басқа қатысушылар қызметтік жазба, бұйрық, есеп айырысу мен жұмыс уақыты табельдерін рәсімдеп, бәрін заңды етіп көрсеткен. Сот үкімімен 14 айыпталушы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, ал тағы төртеуі рақымшылыққа ілікті.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген. Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген. Нәтижесінде, мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал