ШҚО-да жұқа мұзға шыққан 72 балықшы жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында жұқа мұзға шыққан 72 балықшы жауапқа тартылды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Құтқарушылардың айтуынша, бұл – ескертуді елемеген адамдарға қолданылған соңғы әрі қатаң шара. Өңірде күннің күрт жылынуына қарамастан балық аулаушылар қармағын қояр емес. Мәселен, Бұқтырма су қоймасындағы мұздың қалыңдығы – 70-ақ сантиметр. Бірақ кейбір балықшылар оның үстіне жол талғамайтын көлікпен шығып кетеді. Қазір осыған байланысты бірнеше ауданда рейдік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Тәртіп бұзғандарға 30 мың теңге айыппұл қарастырылған.
ӘСЕТ СЕЙІЛҚҰМАРОВ, САМАР АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
— Мұздың бетіне автокөліктермен шығуға тыйым салынған. Оған әкімшілік кодекстің 412-бабы бойынша айыппұл қарастырылған. Қазір 40-тан аса жүргізуші жауапқа тартылды. Фото және бейне дәлелдер бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал