Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚЫЗЫЛША ӨРШІДІ
Қызылша өршіді. Жыл басынан бері ел бойынша үш мыңнан астам адам ауру жұқтырған. Яғни күн сайын 80 адам сырқаттанады. Оның 72 пайызы – 5 жасқа дейінгі бала. Аурудың бұл түрі әсіресе екпе алмағандар арасында көп. Сондықтан жаппай иммундауға күш салына бастады.
ҮЛЕСКЕР ҮЙ СҰРАЙДЫ
Атырауда 140-тан астам үлескер былтырдан бері баспанасын күтіп жүр. Құрылыс компаниясына қыруар қаржы құйған азаматтардың айтуынша, көпқабатты екі үйдің құрылысы тоқтап қалған. Осыған алаңдаған тұрғындар компаниядан қаражатты кері қайтаруды талап етті.
АҚША ЖЕГЕН
Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 49 мектептің мұғалімдеріне тиесілі жалақы мен төлемді артық көрсетіп, ақша жеген. Жалпы шығын көлемі – 583 млн теңге. Сот үкімімен 14 айыпталушы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҒЫ
Биылдан бастап еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін дәрігерге барудың қажеті жоқ. Ұялы телефонға арнайы қосымшаны қондырып, электронды нұсқасын алу міндет. Алайда сырқаттанып қалған кейбір еңбеккер жаңа жүйені түсінбей дал.
ORAL WINTER FEST
«Қансонарда бүркітші шығады аңға». Оралда құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Көнеден келе жатқан саятшылық өнерді серік еткен спортшылармен біздің арнаның түсіру тобы да кездесті. Сонымен қай бүркітшінің қанжығасы майланды?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.