Жатақханада қыздарды еден жуып, дәретхана тазалауға мәжбүрлеген

Түркістандағы колледж жатақханасында қыздарды еден жуып, дәретхананы тазалау мәжбүрлеген.
Көпсалалы индустриалды техникалық колледж студенттері жатақханада ұлдардың бөлмесін, дәліз бен дәретханаларды жууға мәжбүрлеп, бас тартқан жағдайда жатақханадан шығарамыз деп қорқытқан. Жарияланған видеода бірнеше қызметкер қыздардан жатақхананы жинауды талап етуін санитарлық тексеріспен түсіндіреді. Студенттер өздерінің оқуға келгенін, ал тазалық жұмыстарымен айналысу міндеті емес екенін айтады. Облыстық білім басқармасы бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрды. 23-25 ақпан күндері өтетін облыстық спартакиадаға байланысты жатақханаға қатысушыларды орналастыру қажеттілігі туындаған. Осыған байланысты тәрбиеші мен комендант қызметкерлері студент жігіттердің уақытша болмауына байланысты бос бөлмелерде тазалыққа көмек көрсету сұрапты.
НҰРЛАН СҰЛТАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Аталған жағдай бойынша білім басқармасы арнайы жұмыс комиссиясын құрып, мән-жайды анықтау мақсатында жатақханаға барып, тексеру жүргізді. ҚР заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс істеуге мәжбүрлеуге, сондай-ақ, оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салынатын талаптарға қайшы әрекет. Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал