Шахталарға кіруге әрекет жасайтын заңсыз кен іздеушілер азаяр емес

Ақша мен алтыннан оңай пайда табу заңсыз кен іздеушілерді әлі де қызықтырып келеді. Тыйым мен тосқауылдарға қарамастан, олар әлі де шахталарға кіруге әрекет жасап жүр. Бірақ бұл көбіне сәтсіз аяқталады. Тек өткен жылдың өзінде ғана Ақмола облысында сегіз жүзден астам құқықбұзушыға айыппұл салынса, жыл басынан бері 56 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл – еліміздегі ең бай алтын кеніштерінің маңында орналасқан Бестөбе мен Ақсу елді мекендерінде тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізудің нәтижесі. Мұндай шаралардың көмегімен құқық қорғау органдары жер қойнауын пайдалану нысандарына заңсыз кіру фактілерін анықтап, жолын кеседі. Жақын аумақта бақылау күшейтіліп, қосымша бекеттер қойылған. Соған қарамастан, жеңіл олжа іздегендер осының бәрін айналып өтудің жолын табады, бірақ көп жағдайда жарақат алып, тіпті қаза табады. Мысалы, жуырда тағы бір заңсыз кен қазушы биіктен құлап, ауруханаға түсті.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Осы жылдың 19 ақпанында Степногорск қаласы Полиция басқармасында шахтада жарақат алған 40 жастағы ер адамды медициналық мекемеге жеткізу дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін әкімшілік хаттама толтырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал