Орталық сайлау комиссиясы референдум бюллетенінің үлгісін көрсетті

Астанада Орталық сайлау комиссиясы жаңа Конституция бойынша референдум бюллетенінің үлгісін көрсетті. Онда бір ғана сұрақ берілген: «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ҚР жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал және «Иә, қабылдаймын» мен «Жоқ, қабылдамаймын» деген екі жауап нұсқасы бар. Дауыс берушілер таңдаған жауаптың оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды, сондай-ақ Брайль қарпімен өз бетінше толтыруға арналған трафарет те таныстырылды. Әкімдіктердің мәліметінше, тізімге шамамен 12,5 миллион азамат енгізілген, дәл осынша бюллетень 1 пайыздық резервпен дайындалып, учаскелерге жеткізіледі. Тұрғылықты орнын ауыстырған қазақстандықтар 27 ақпаннан 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады. Ал жаңа Конституция жобасына қатысты белгілі тарихшылардың пікірлері де жарияланды.

«Конституциялық реформалар ғылым мен білім саласын дамытуға жаңа құқықтық мүмкіндіктер қалыптастырады. Бұл өзгерістер аталған саладағы қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағыт береді», — дейді мамандар. Осыған қатысты сарапшының пікірін тыңдайық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал