Қазақстан мен Грузияның Ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі және киберқылмысқа, сондай-ақ экстремизмге қарсы күресте әріптестікті күшейтуге ниетті. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады. Кездесу барысында грузиялық министр құқық қорғау органдарының шетелдік туристердің, соның ішінде қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмысы жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті. Әңгіме барысында азаматтық авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Негізгі назар Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ мұндай рейстерді орындауға қажетті алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтарды сатып алу мәселелеріне аударылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.