Президент Канадада өнер көрсеткен жас хоккейшілерімізді тарихи жеңіспен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канадада өнер көрсеткен жас хоккейшілерімізді тарихи жеңіспен құттықтады. Айта өтейін, жуырда ғана Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен халықаралық турнирде топ жарды. Оған әлемнің 16 елінен 120 команда қатысқан болатын. Қазақстандық ұжым топтық кезеңде қарсылас шақ келтірмей, бірден плей-офф кезеңіне жолдама алды. Кейін жергілікті командаларды тізе бүктірді. Ал финалда буллиттер сериясында 4:3 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал