Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА
Шымкентте балкон жөндеп жатқан жұмысшы бесінші қабаттан құлап қаза тапты. Құқық қорғау органдары мен тексеру комиссиясы қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ДАУ
Еденді жу. Дәретхананы тазала! Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарының біріндегі жатақханада студент қыздарды жігіттердің бөлмесін тазалауға мәжбүрлеген. Бұл қаншалықты рас?
ҮЙІН ТАСТАП КЕТТІ
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында тұрғынының үйін екі жыл қатарынан су басты. Бөгет салынғанымен, баспана оқшау қалып, иесі үйін тастап кетуге мәжбүр болған.
ҰБТ БАСТАЛДЫ
Елімізде қаңтардағы ҰБТ басталды.187 мыңға жуық түлек қатысуға өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Тестілеудің соңғы жаңалығы қандай?
КҮТПЕГЕН СЫЙ
Сәтбаев кеншілері бірнеше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге тосынсый жасады. Жолда тоқтатып, «тәртіп бұздың» деп айыппұл емес, жаңа пәтердің кілтін берген.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.