БҚО-да аудан әкімдігінің қызметкері 16 жастағы қызға зорлық жасады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер 16 жастағы қызға зорлық жасады деген күдікке ілінді. Оқиға Ақсай қаласында болған. Аталған факт бойынша 1968 жылы туған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде бір-біріне жазған хаттары, өзге де маңызды деректер тексеріліп жатыр. Полицейлер, кәмелетке толмаған жасөспірім қызға күш қолданбаған деді. Бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растады. Олар күдіктіге шағымы жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын айтты. 57 жастағы күдікті істің ақ-қарасы анықталғанша жұмыстан шеттетілді.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің тарапынан жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің мәліметтері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал