Кәмелетке толмаған қызды зорлаған қарияға қатаң үкім шықты

Түркістан облысында жасөспірімді зорлаған 70 жастағы зейнеткерге сот үкімі шықты. Оқушы қыз босанған. Іргелес тұратын көрші қария ата-анасы үйде жоғын пайдаланып, түнде кіріп, ойындағысын іске асырған. Айыпталушы кінәсін мүлдем мойындамады. Дерек пен сараптама қылмыстың болғанын дәлелдеді. Зейнеткер кәмелетке толмаған баланы зорлау және бөтен үйге түнгі уақытта заңсыз кіру бабымен кінәлі деп танылды. Сот 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ педагогикалық лауазымда жұмыс істеуге және кәмелетке толмағандарға жақындау құқынан өмір бойына айырды.
ДӘУРЕН МАДАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚІЖМА СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Сараптама өткізілген, нәтижесінде ұл бала 99,99% сотталушының ұлы болып қорытынды берілген. Үш күн қатар болған. Екеуі көрші боп тұрады, сол күндері жәбірленушінің анасы Астанада болған, сауда жұмыстарымен кеткен. Әкесі қарауыл болып істейді, оның түнгі ауысымға шыққан кезін пайдаланып үйге кірген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал