Қарадаладан табылған олжа Есік тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды. Олардың арасында сақ дәуірінен сыр шертетін алтын бұйымдар мен өрнегі көз тартар қыш құмыралар да бар. Археологтар: «Бұл алтын әшекейлер Алматы облысындағы екінші Алтын адамға тиесілі болуы мүмкін», — деген болжам айтты. Табылған зергерлік бұйымдар Есік қорымынан шыққан әшекейлерге өте ұқсас. Өзгешелігі жүзік бетіне Арыстан мүсіні бедерленген. Тарихи жәдігерлердің сақ дәуіріне тиесілі екенін анықтау үшін үлгі Литвадағы зертханаға жіберілді.
ХАМИТ АЙТҚҰЛ, АРХЕОЛОГ:
— Қазіргі таңда жиналған қыш ыдыстың үш данасы әкелінді. Тағы алтын сақина бар. Сонымен олардың жиналу ретіне, обалардың орналасу конструкциясына қарай отырып, оны біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлар деп мерзімдедік. Бізде Есік Алтын адамына қатысты мәліметтер өте көп. Соны толықтырсын, өлкетану музейінің де ауқымы кеңейсін деген мағынада өткізіліп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.