«Жетінші арна» еліміздің жаңа елді мекендерінде қолжетімді болады. Хабар тарату желісі кеңейіп, елдің бірнеше өңіріндегі ауылдар мен елді мекендер арна желісіне қосылады. Осылайша, тұрғындар отандық жаңалықтар мен бағдарламаларды кедергісіз тамашалай алады.
1 наурыздан бастап «Жетінші арна» хабар тарату аумағын кеңейтеді. Енді телеарнаның желісі еліміздің бірқатар өңірінде, қосымша елді мекенге қолжетімді болады. Бұл бастама қала мен ауыл арасындағы ақпараттық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
ТӨЛЕГЕН ҚҰТТЫҒОЖИН, АСҚ ИНЖЕНЕРІ:
— «Жетінші арна» еліміздің жаңа елді мекендерінде, атап айтқанда, Абай және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Жамбыл және басқа да өңірлерде қолжетімді болады. Биылғы жылдың екінші жарты жылдығында Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының жаңа елді мекендерінде хабар таратуды іске қосу жоспарланып отыр.
Яғни жоба аясында тағы 40 ауыл арна желісіне қосылады. Нәтижесінде, 1 062 елді мекендегі мыңдаған отбасы спутниктік антеннасыз «Жетінші арнаның» жаңалықтарын, сараптамалық бағдарламаларын, әлеуметтік жобалары мен ойын-сауық хабарларын тұрақты түрде көре алады.
Хабар тарату аумағын кеңейту кезең-кезеңімен жүргізілген техникалық жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асып отыр. «Жетінші арна» алдағы уақытта да көрерменге сапалы контент ұсынып, ақпарат кеңістігін дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.