Синоптиктер: Аяз -40 градусқа дейін жетеді

Қыстың қоштасқысы келмейтін сияқты. Көктем жақындаған сайын, аяз қысып барады. Солтүстік өңірде сары аяз 37, ал шығыста 40 градусқа дейін жетеді деп болжайды синоптиктер. Салдарынан республикалық, облысаралық маңызы бар жолдар кезек-кезек жабылып жатыр. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Желдің күшейіп, тұман түседі. Аязды күндер апта соңына дейін сақталады.

АРУНА ӘСКЕРБЕК, «ҚАЗГИДРОМЕТ» ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
– Еліміздің басым бөлігінде солтүстік батыстан келген суық антициклон ықпал етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, Арктикалық суық ауа массаларының келуіне байланысты ауаның температурасы төмендейді. Түнгі уақыттарда батыс облыстарда ауа температурасы 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және де еліміздің орталығында 28-37 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 32-40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда 10 градус аяз шамасында болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал