Қазақстандық кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады | 24.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРИЯ 2 БАППЕН СОТТАЛДЫ
Түркістан облысында 70 жастағы зейнеткер 2 баппен сотталды. Ол ата-анасы жоқ кезде оқушы қызды қорлап, жүкті қылған. Қария 15 жыл жазасын абақтыда өтейді.

ҚЫЗМЕТТЕН ШЕТТЕТІЛДІ
Мемлекеттік қызметкер жұмыстан шеттетілді. Батыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғырлау ауданының бөлім маманы жасөспірімге зорлық жасады деген күдікке ілінді.

ӘР ТҰҚЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Биыл бидай мен күріш алқабы қысқарып, картоп пен майлы дақылдың көлемі артады. Үкіметте көктемгі егіске дайындық пысықталып, тұқым сапасы қатаң бақыланатыны айтылды.

ЖАҢА МҮМКІНДІК
Наурыздың бірінен бастап «Жетінші арна» тағы 40 ауылда көрсетіледі. Енді мыңдаған отбасы спутниктік антеннасыз, жаңалықтар мен сүйікті фильмін тамашалай алады.

КӨЛІК СЫЙЛАДЫ
Қазақстандық кәсіпкер Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады. Баласының жаттығуы үшін барын салған әкеге осындай құрмет көрсетілді.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал