Петропавлда мектепке шабуыл жасалады ақша бопсалаған жасөспірім ұсталды

Ойыннан от шықты. Петропавлда оқу орнының біріне қарулы шабуыл жасалады деп жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды. Дарынды балаларға мектеп-интернаттың бұрынғы оқушысы телеграм арна ашып, онда осы мәліметті жариялаған. Бұл аздай, хабарламаны аталған білім ұясының тәрбиленушілеріне де мессенджер арқылы жіберген. Ал қауіптің алдын алу үшін 15 жастағы бала ақша талап етіпті. Бұл жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Шұғыл әрекет еткен полицейлер бұзақыны анықтап, қолға түсірді. Кәмелетке толмаған баланың өзі 2024 жылға дейін сол мектепте білім алғаны белгілі болды. Ол өзінің бұл әрекетін: «Әзілдегім келді», — деп түсіндірген. Тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары өкілдері терроризм актісі жайлы мұндай хабар таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
ЮРИЙ КЛЫКОВ, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Қажет материалдар кәмелетке толмағандар ісі және құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Жасөспірімді девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған білім беру мекемесіне жіберу мәселесі қаралады. Құжаттар әзірленіп жатыр. Тергеу қорытындысымен шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал