Сабақ аяқталған соң жауапкершілік ата-анаға өтеді. Мұғалімдерді сабақтан тыс уақыттағы оқыс оқиға үшін жауапқа тарту қашан тоқтатылады? Мәжілісте мұғалім мәртебесін қорғайтын жаңа заң жобасы таныстырылды.
Оқушыларға қатысты жауапкершілік шектеледі, мұғалімдер оларға тек мектеп қабырғасында, яғни оқу процесі кезінде ғана жауапты. Бұл туралы Мәжілісте жалпы отырыста таныстырлған жобада айтылды. Құжатта бірнеше нормалар ұсынылды. Мақсаты – педагог құқығын қорғауды күшейту.
СЫРНАЙ ЖАНАТХАН, ТІЛШІ:
— Депутаттар өзекті тақырып көтеріп жатыр, бұл – педагог мәртебесі және білім беру мәселелері. Енді егер де мектептен тыс кезінде оқушылар қандай да оқыс оқиғаларға тап болатын болса, оған ата-ана тікелей жауап береді, мұғалімдер жауап бермейді. Себебі бұдан бұрын осындай фактілер орын алды. «Енді оған жол бермейміз», — деп, депутаттар өзгерістер енгізіп жатыр.
Дәл осындай жайт былтыр жазда Алматы облысында тіркелген еді. Сол кезде мектеп түлектері кеш ұйымдастырып, сол кеште бір оқушы сыныптасын кәуап таяқшасымен шаншып, өлтірген еді. Оқыс оқиға жалданған үйде болған. Алайда осы іске жауапті ретінде мектеп директоры жұмыс орнын босатқан еді. Содан кейін министрлік мұғалімді қорғаштаған.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Жазғы демалыс уақытында, демалыс уақытында, түнгі уақытта біздің мұғалімдер балаларға жауап бермеу керек. Өйткені олардың ата-аналары, керек болса полиция бар.
Бұдан басқа мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараға тартуға жол бермеу нормасы қамтылған. Депутаттар айтқандай жазда су жағалауын күзетуге шақырған фактілер де орын алған. Енді ұстаздардан қажет етілмейтін, бекітілмеген есептер сұралып, талап етілсе, сенбіліктерге тартса оған келешекте айыппұл салу ұсынылып жатыр, себебі қазір елімізде тек қана ескерту бар.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Бізде ескерту емес, кішкентай мөлшерде болса да ол айыппұл болуы керек деген осындай ұсыныс бар. Ол мектептің басшысы не білім басқармасы сияқты лауазымды тұлғаларға қарастырылған, жай біздің азаматтарға қатысы жоқ.
Депутаттар мектеп оқушыларына мектепте телефон ұстауға тыйым салу керектігін де көтеріп жатыр. Қазір бұл шешімді әр мемлекеттік мекеме өз еркімен шешеді. Енді бұл сұрақты оқу ағарту министрлігіне тапсырылмақ. Әзір бұл талқы үстінде. Депуттатрдың пайымынша телефон қолдануға үзіліс кезінде де тийым салынып жатса, мектепте буллинг және басқа да оқыс оқиғаларды азайтады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.