Атырауда жоғалған отбасының қызы мен күйеу баласы Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады

Атырауда жоғалған отбасының қызы да «күдікті» деп танылды. Ұсталғанға дейін әйел хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған. Енді ол жақын арада күйеуімен бірге Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады. Қазіргі уақытта екі елдің билігі оларды депортациялаумен айналысып жатыр, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов. Ал жоғалған отбасының басқа мүшелерінің тағдыры әлі белгісіз. Атырау облысында арнайы топ іздестіру шараларын жалғастыруда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал