Қарасай ауданында екі медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы ашылды

Алматы облысының Қарасай ауданында 50 келушіге арналған екі медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы ашылды. Абай мен Үштерек ауылдарында пайдалануға берілген жаңа денсаулық сақтау нысандарында 12 дәрігер мен 48 орта буынды медициналық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Аталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 1,3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Өйткені кеңестік кезеңде салынған медицина мекемелері әбден ескіріп, тозып кеткен еді. Ал қолданысқа берілген медициналық орталықтар соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған. Алматы облысында биыл 19 медицина мекемесі пайдалануға беріледі. Соның 15-і бюджетке қайтарылған қаржы есебінен салынуда. Жақында Кеген ауданындағы Қарабұлақ пен Жылысай ауылындарында жаңа медициналық пункт пен дәрігерлік амбулатория ашылатынын айта кетейік.
ШОЛПАНАЙ ЕРМАҒАНБЕТОВА, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бұрынғы медициналық пункт кішкентай, тар болатын. Бүгін қуанып жатырмыз. Енді қалаға да жүгірмейміз, өзіміздің Үштерек ауылымызда осындай үлкен медициналық пунктіміз бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал