СҚО-да 600-ге жуық референдум учаскесі құрылды

Республикалық референдумды өткізуге бағытталған дайындық шаралары Солтүстік Қазақстан облысында қызу жүріп жатыр. Облыста 600-ге жуық референдум учаскесі құрылды. Оның 98-і Петропавл қаласында болса, қалғаны аудан мен ауылды жерлерде. Айта кету керек, өңірде сондай-ақ 13 жабық учаскесі бар. Олар әскери институт, әскери бөлімдермен медициналық мекемелерде және тергеу изоляторында орналасқан. Бүгінгі күні олардың барлығы қажет құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді. Аймақта маңызды саяси науқан күні 596 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Жауаптылардың сөзінше, үш мыңнан астам комиссия мүшесі арнайы оқудан өтті. Қазір олар тұрғындардың тізімдерін түгендеуге кіріскен. Сәтін салса 15 наурызда теріскейде 364 мыңнан астам адам өз таңдауын жасайды.
САҒЫНДЫҚ РАҚЫМЖАН, ОБЛЫСТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Облыс бойынша барлығы 581 референдум учаскесі бар. Ең көбі, яғни 98 -і Петропавл қаласында және ең азы Аққайың ауданында. Онда 25 референдум учаскесі бар. Жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы санын ұсынды. Қазіргі күні ондай азаматтар біздің облыста 364 764 адам.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал