Апат айтып келмейді. Тілсіз жау – өрт, жолын жайпап өтетін топан су, тұрмыстық газ жарылыс – мұның барлығы – адамзатқа қаржылай шығын, тіпті қасірет әкелер жағдайлар. Енді мұндай төтеден келер апаттан сақтанудың оңай әрі тура жолы табылды. Ол – тұрғын үйді сақтандыру. Бұдан былай сақтандырудың жаңа тәсілі – Tumar Home сақтандыру қызметі Egov Mobile қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлайды.
Әсіресе көпқабатты үйде су басу – пәтер иелері үшін жиі кездесетін жағдай. Тұрғын үйді тұрмыстық тәуекелдерден сақтандыру жағдайларының шамамен жартысы дәл осындай оқиғаларға тиесілі. Өйткені су басуға ескі құбыр, сапасыз сантехника немесе жөндеу кезінде кеткен қателік себеп. Тығыз салынған ірі қалада бұл мәселе өзекті. Осындай жағдайларда сақтандыру тек өз мүлкіңізді ғана емес, көршілерге келтірілуі мүмкін шығынды да өтеуге көмектеседі.
БАҚЫТ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, NEDVIZHKA.KZ СЕРВИСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ:
— Алматы сияқты ірі қалаларда бұл жағдай жиі кездеседі. Күнде болмаса да, әсіресе ескі тұрғын үйлерде қайталанып тұрады. Сақтандыру үй иесінің өз мүлкіне де, ең бастысы, өзгенің мүлкіне де жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Өйткені сақтандыру тек сізді ғана емес, үшінші тұлғаны да қорғайды.
Енді тұрғын үйді сақтандыруды рәсімдеу әлдеқайда жеңілдеді. Оны Egov Mobile қосымшасы арқылы оп-оңай жасауға болады. Жоба «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен «Tumar» сақтандыру брокері компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылды. Айына 1500 теңге төлеп, Tumar Home жобасымен жазылуға болады.
САНЖАР КИКИМОВ, «TUMAR» САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ ӨНІМДЕРДІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Tumar Home – предиктивті сақтандырудың жарқын үлгісі. Яғни біз мәселе туындағанын күтпей, алдын ала қорғаныс ұсынамыз. Әсіресе жылжымайтын мүлікті рәсімдеу сәтінде. Egov Mobile қосымшасын пайдаланушылар меншік құқығын тіркеу кезеңінде-ақ сақтандыру полисін рәсімдеу туралы хабарлама алады. Бұл болашақтағы шығынды азайтады.
Баспана сақтандырылған жағдайда төлем мөлшері 500 мың теңгеге дейін жетеді. Оның 250 мың теңгесі тұрғын үй иесінің шығынын жабуға, ал қалғанына көршіге келтірілген залалды өтеуге арналған.
САНЖАР КИКИМОВ, «TUMAR» САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ ӨНІМДЕРДІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Сақтандыру жағдайы орын алса, клиенттер өтінімді Tumar Finance сайты арқылы жеке кабинетінде онлайн түрде, сақтандыру компаниясына бармай-ақ бере алады.
Қазіргі таңда қызмет 26 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлік иесі атанған азамат үшін қолжетімді. Меншік құқығы тіркелгеннен кейін қосымшаға хабарлама келеді. Алдағы уақытта сақтандыруды басқа да тұрғын үй иелері рәсімдей алады. Жобаның серіктесінің бірі – Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл сервис қазақстандықтарға тұрмыстық тәуекелдерден қорғануға көмектесіп, тұрғын үйді сақтандыруға деген сенімді арттырады.
ТАХМИНА ӘМІРАЕВА, «FREEDOM INSURANCE» СК АҚ ӨНІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Сақтандыру жағдайын реттеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – сақтандыру компаниясына хабарлау. Одан кейін оқиғаны тіркеу қажет. Қазіргі таңда сақтандыру компаниялары залалды тіркеу үшін онлайн-тексеруді белсенді енгізіп жатыр. Үшінші кезеңде барлық құжат пен бейнематериалды алған соң, сақтандыру компаниясы талдау жүргізіп, келісімшартқа сәйкес төлем сомасын есептейді. Соңғы кезең – қаражатты клиентке аудару.
Тұрғын үйді сақтандыруды рәсімдеу жеңілдетілді. Яғни жаңа цифрлық сервис арқылы жылжымайтын мүлікті қорғау және ірі қаржылық шығындардың алдын алу бұрынғыдан да оңай, жылдам әрі ыңғайлы бола түсті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.