Қарағанды зообағына Қызыл кітапқа енген гиеналар мен гиена тәрізді иттер. Жануарлар Ереваннан айырбас бағдарламасы аясында жеткізілген. Қазір бесеуі де карантинде. Соған қарамастан, тұрғындар зообақтың жаңа аңдарымен қазір таныса алады. Жолақты гиеналар 2008 жылдан бері Қызыл кітапқа енгізілген. Зообақта бұл аңның екі аналық, бір аталығы бар. Ал гиена тәрізді иттер – жұп. Оларға алдын ала кең қора дайындалып, тамағы да зерттелген. Негізінен ет және тауық етімен қоректенеді. Күндіз көбіне тынығып жатады, ал түнде белсенді. Жаңа келген жануарлар жас әрі дені сау. Сондықтан зообақ әкімшілігі олардың төлдегенін күтіп отыр.
ГҮЛНАР АДАМБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ЗООБАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл жануарлар үнемі қозғалыста жүреді. Айналаны танып, бәрін иіскелеп жүр. Жем салатын орнына, жаңа рационға үйреніп жатыр. Бұлар – Африканың саваннасын мекендейтін аңдар. Сүтқоректілерге жатады, сыртқы тұрпаты жағынан мысық тұқымдастарға жақын. Мінезі жуас, өте ақылды жануарлар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.