Атырауда жоғалған отбасының қызы мен күйеу баласы Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады | 25.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАЛАНЫ ДҮРЛІКТІРДІ
50 мың теңге үшін бүкіл қаланы дүрліктірді. Петропавлда мектепке шабуыл жасаймын деп ақша бопсалаған жасөспірім ұсталды. Террорлық акт туралы жалған хабар берген оқушыны қандай жаза күтіп тұр?

КІМ ҚАУІПТІ?
Атыраудағы атышулы қылмыс. Қарт ата-анасын өлтіріп, қораға көміп тастаған туған қызы болуы мүмкін. Индонезиядан ұсталған ерлі-зайыптыны елге депортациялау басталды.

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ
Оқушы қауіпсіздігі мен тәртібіне кім жауапты? Енді бала мектептен тыс уақытта оқыс оқиғаға тап болса, ұстаз жауапқа тартылмайды. Мәжілісте мұғалімнің мәртебесін қорғайтын жаңа заң жобасы таныстырылды.

ШАЙДОРОВҚА ҚҰРМЕТ
Мұз айдынының саңлағы Ақорда төрінде. Қысқы олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады. Президент чемпионға не сыйлады?

АФРИКАЛЫҚ ЖЫРТҚЫШ
Қарағандыға Африкадан жыртқыш аң әкелінді. Ереваннан жеткізілген жолақты гиена мен ерекше ит немен қоректеніп жатыр? Зообақтағы экзотикалық жануар жайында қызықты деректі айтамыз.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал