Атырауда 10-сынып оқушысы мектепте болған жанжалдан кейін жоғалып кетті. Бүкіл қала болып іздеп, сауда орталығының бірінен тапты. Оқушының анасы Ғалия бұл жағдайға мектеп әкімшілігін кінәлап отыр. Өйткені мектепте 15 жасар қызына бірнеше рет буллинг жасалған. Ата-ананың сөзінше, оқушыны мектептен шығару үшін де бірге оқитын сыныптастарына өтініш жаздырған. «Осындай қысымдар қызымның жоғалып кетуіне себеп болып отыр», — дейді оқушының анасы. Қазір полиция департаменті мәселенің мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты.
ХРИП ҒАЛИЯ ТҰЯҚҚАЛИЕВА, ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:
— Оқушылардан ата-аналарының қарауынан тыс түсініктеме алған. «Осы баламен оқығымыз келмейді. Оның неше түрлі бұзықтығы бар» деген. Балалардың еркінен тыс жазылған түсініктеме екені көрініп тұр. Себебі жазуы бірдей. Психологтармен жұмыс істеу керек шығар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.