Айзат Жұманованың ісі: сот түпкілікті шешім шығарды

Талдықорғанда апелляциялық сот марқұм Айзат Жұманованың өліміне қатысты аты шулы іс бойынша түпкілікті шешім шығарды. Қанды оқиға Жетісу облысы, Ақсу ауданы Баласаз ауылында былтыр жазда болған. 32 жастағы келіншекті күйеуі өлімші етіп соққыға жыққан. Әйелін өлтірген ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ үкіммен қорғаушы мен айыптау тарапы келіспейтіндерін білдіріп, аппеляциялық сотқа шағым түсірген болатын. Сотталған адамның адвокаты айыпты жеңіл жаза көздейтін бапқа қайта саралау туралы сұраса, жәбірленуші тарап сотталған адамның жазасын қатаңдатуды талап етті.
САЛТАНАТ ҚАДІРБЕКҚЫЗЫ, АЙЗАТ ЖҰМАНОВАНЫҢ АНАСЫ:
— Сараптама қорытындысына қарасақ, Айзаттың бас сүйегінің жараланғаны, омыртқасының ішінің қанталап кеткені, өкпеге қабырғаның кіріп кеткендігі, яғни аса қатыгездікпен өлтіргені көрініп тұр. Барлығы бейнетаспаға жазылған. Ауруханаға серейіп, қатып қалған күйінде әкелді.

АЙДЫН ЖУРХАНОВ, СУДЬЯ:
— Аппеляциялық шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, сот алқасы ҚР Қылмыстық процестік Кодекстің 431-бабының 1-бөлігінің 443-444 баптарын басшылыққа алып Қаулы етті: Жетісу облысының Қылмыстық Істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026-шы жылғы 9 қаңтарындағы Айбар Қайратұлы Жанболатқа қатысты үкім өзгеріссіз, адвокат Шәріповтың, заңгер Мерембаеваның және адвокат Сарқытовтың аппеляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалсын. Қаулы жария етілген кезінен бастап заң күшіне енеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал