Алматыда жеткізу қызметімен айналысатын компанияға және курьерге жауапкершілік күшейеді

Алматыда жеткізу қызметімен айналысатын компанияға және курьерге жауапкершілік күшейеді. Соңғы уақытта жеткізушілерге шағым көбейді. Жол ережесін бұзу, тапсырыс қабылдаушы азаматтың өміріне қауіп төндіру, затын жеткізгені үшін қосымша ақы талап ету жиілеген. «Тіпті кейбірінің есірткі және киберқылмысқа қатысы бар», — дейді полиция өкілдері. Полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған курьерлердің бейнежинағын көрсетіп, жыл басынан бері он мыңнан астам құқықбұзушылық болғанын мәлімдеді. Сондықтан курьерлер үшін кезең-кезеңімен биометриялық сәйкестендіру енгізуді ұсынып отыр. Олардың деректерін полиция базасына енгізу, жұмыс сөмкелерін сериялық нөмірмен белгілеу және қажет болған жағдайда GPS-трекерлермен жабдықтау ұсынылды. Полицейлер жеткізу қызметтері үшін арнайы қосымша айыппұл енгізу мүмкін екенін де жоққа шығармады.
АЙДЫН МЕРКІМБАЕВ, ПД ПҮБ ӨКІЛІ:
— Нұсқаулар берілді және жеткізу сервис компаниялардың жауапкершілігін білу мақсатында отырыс өткізілді. Ең бастысы – халықтың қауіпсіздігі. Курьерлардың жеткізу барысында биометриясын тексеру және жеткізу сумкаларына нөмір белгісін енгізу барысында үлкен жұмыстар атқарылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал