Су тасқынына дайындық: Қарағанды облысында жеті ауыл қауіп аймағына кіріп отыр

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды. Нұра өзені мен Шерубай Нұра өзені арналарының бойында және үш ірі су қоймасының маңында орналасқан жеті ауыл қауіп аймағына кіріп отыр. Қазіргі таңда бұл аумақтарда су өткізу жүйелері тексеріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, су айдындары әлі де қар жамылғысында жиналған ылғалды сақтап тұр. Соған қарамастан, құтқарушылар су қоймаларынан алдын ала су жіберуді бастап, елді мекендерден бір миллион текше метрден астам қар шығарды, сондай-ақ қорғаныс дамбалары мен үйінділердің беріктігі тексеріліп жатыр. Барлығы ауа райына байланысты — егер күн біртіндеп жылыса, өңірде ірі тасқынның алдын алуға мүмкіндік бар. Қалай болғанда да, 1 наурыздан бастап құтқару қызметтері күшейтілген дайындық режиміне көшеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал